Жаңалықтар

Алматы облысыжастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының психолог мамандары

А.Науканова мен С.Дурыскелдинованың ұйымдастыруымен Атамекен кәсіпкерлер палатасында Аналар үйінің тұрғындарына, жастар және жас аналарға арналған тігіншілікке, қолданбалы өнерге үйрететін тегін шеберлік сағаты  өткізілді. Шеберлік сағатының мақсаты жастарға халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, төзімділік пен сабырлыққа тазалық пен әсемдікке баулу, жастардын ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру. Аналарды қолөнерге  үйрету, оларды ұлттық брендті дамыту арқылы шағын және орта бизнеске тарту болып табылады. Шеберлік сабақты этникалық стильде қолөнер және ұлттық өнер бұйымдарын шығаратын тігінші мамандар Э.Курумбаева мен Г.Медеубаева жүргізіп, жас аналарға қолөнердің қыр-сырымен таныстырып өтті.

“Didakt-kz” ЖШС Кәсіби дамыту және біліктілікті арттыру орталығының директор орынбасары Б.Ноғайбаева: «қандай кәсіпті дөңгелетіп әкету, сол істі жан тәнімен жақсы көріп соңына дейін жеткізу керек»-деп айтып өтті.

Шеберлік сағаттың қатысушыларына қолданбалы өнердің қыр-сыры, жеке кәсіпті ашудың жолдары және оны әлеуметтік желілерде пайдалана отырып, табысты жүргізуді үйрететті. Аталмыш іс-шараға қолөнерді үйренгісі келген жас аналардың бәрі қатысты. Кеш соңында әр аналарға сыйлықтар табысталып, арнайы фотоссесия жасалды.