Жаңалықтар

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы,

«Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ОТБАСЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» атты психологтар форумы болып өтті.

Шараның негізгі мақсаты:  Қазақстанда отбасы институтын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, қалыптасқан ұлттық дәстүрдегі Қазақстандық отбасының үлгісін насихаттау.

Семинарға облыс бойынша 70 ке жуық психолог мамандары жиналып, секциялық жұмыстарға бөлінді. Семинарды «Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Е.Родионова, коуч және менторлық халықаралық тренері,психолог-практик М.Нигметжанова және Жастар ресурстық орталығының психолог маманы С.Дурыскелдинова  жүргізді. Шара барысында практикалық жұмыстар, ситуациялық сұрақтар жүргізілді. Келген психолог мамандарға сертификаттар табысталды.