Жаңалықтар

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен

Жыл басынан бастау алған «JAS TALKS» жобасы аясында Алматы облысының жастары осы уақытқа дейін С.Нұрғисаев, Ж.Жанахметұлы, Ә.Әрін, А.Идигов сынды тұлғалармен кездесіп, түрлі тақырыпта ой өрбітті. Аталмыш жоба аға буын мен жас ұрпақ арасына берік байланыс орнатып, кең сұранысқа ие болды.

Жастармен ашық пікір алмасу алаңына айналған жоба өскелең ұрпақты ұлттық және адамгершілік құндылыққа тарту, жас буынға рухани тәлім-тәрбие беру, облыс жастарының белсенділігін арттыру, жастардың азаматтық және тұлғалық дамуына жағдай жасауды мақсат етеді.

Осыған орай, «JAS TALKS» жобасы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры, ақын Мұхамеджан Тазабектің «Ел ертеңі – жастар» атты Алматы облысы жастарымен кездесуі өтті. Кездесуде іс-шара модераторы Жастар ресурстық орталығы директоры орынбасары Ауданбаев Даулет Бірлікұлы болды. Шарада жастардың болашағы, тәрбиесі жайлы Тазабек Мұхамеджан Оразбайұлы айтып өтті. Кездесуге жастар, мектеп оқушылары және орта буын өкілдері қатысты. Іс-шара еркін форматта өтті. Тазабек Мұхамеджан Оразбайұлы ұрпақты ұлттық және адамгершілік құндылыққа тарту, жас буынға рухани тәлім-тәрбие беру, облыс жастарының белсенділігін арттыру, жастардың азаматтық және тұлғалық дамуына жағдай жасау сияқты мәселелер төңірегінде тұшымды ой қозғады.