Жаңалықтар

«Баста» форумы аясында жас кәсіпкерлер мен белсенді жастардың Ардақ Назаровпен кездесуі өтті.

Өскелең ұрпақты рухани және адамгершілік құндылыққа тарту, жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды жеке кәсіпке шақыру, еңбекқорлыққа баулу мақсатында өткен кездесу еркін форматта болды.

Сондай-ақ, шара барысында кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөлісіп,  ашық сұхбат құрады. Бұл жиында А.Назаров жастарды кәсіппен айналысуға, ата-ананы сыйлап, досқа адал болуға, белсенді болуға, ардагерлерімізді ардақтап, әпке-қарындастарымызды қорғауға арналған тарбиелік мәні зор ақыл кеңесін айтты. Сонымен қатар қазағымыздың батыры Б.Момышұлының ерліктерін айтып, отанды сүйу, жігіттердің рухты, намысты болуы керектігін де атап өтті. Кездесу барысында  кішкентай болсада греплингтен Қазақстан Республикасының чемпиондары Али мен Айсұлтан есімді жасөспірімдерге қолтаңба беріп, абыройлы болуын тіледі. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, батасын берді. Кездесу соңы белсенді жастардың, кәсіпкерлердің А.Назаровпен естелік суретке түсуімен аяқталды.