Жаңалықтар

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан, қала психологтарына арналған «BAQYT» жас отбасыларды қолдау клубы аясында

«Бақытты шаңырақ- бақытты ел» атты кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты:  Қазақстанда отбасы институтын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, қалыптасқан ұлттық дәстүрдегі Қазақстандық отбасының үлгісін насихаттау.

Кездесуге Алматы облыстық сотының судьясы С.Курбанова, Талдықорған қалалық сотының судьясы С.Жаңбырбаева ,сондай-ақ Алматы облысы дін істері басқармасының теолог маманы, Талдықорған қаласының АХАЖ бөлімінің маманы қатысты.

Кездесу барысында неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік  және  мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, қалыптасқан ұлттық дәстүрдегі Қазақстандық отбасының үлгісін насихаттау тақырыптары кеңінен талқыланды.