«Туған жерге туыңды тік» жастар марафоны өтті 



Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетілген жобаларды іске асыру, Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуын атап өту мақсатында 2017 жылдың 17 мамыры күні «Туған жерге туыңды тік» жастар марафоны Талдықорған қаласынан бастау алды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан Еуразия чемпионы Бейбіт Назаровқа табысталды. 


Марафон аясында белгілі бір бағытта жетістіктерге жеткен, байқау жеңімпаздары, спортшылар, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастар Мемлекеттік Туды алып, Жетісу жерінің киелі мекендерін, көрікті жерлерін, барлығы – 25 000 шақырым жерді аралап өтеді. Шара барысы жайында бейнебаян түсіріледі. Мемлекеттік Ту марафон соңында 2017 жылдың 4 маусымы күні Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі А.Баталовқа табыс етіледі. Жастар акциясы барысында мемлекеттік рәміздердің, туған жердің құндылығын насихаттаумен қатар, Тәуелсіздік жылдарында өз ақылымен, еңбегімен, білімімен, дарынымен оза шапқан жастардың «100 жас есімі» анықталады.