Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, облыстық "ҚазАвтоЖол"  филиалының ұйытқы болуымен «Сені - үйіңде отбасын күтеді» атты республикалық акция өтті.

Шара барысында Алматы-Талдықорған бағытындағы жол бойында патрульдық қызметкерлер мен «Жас Отанның» белсенді жастары арнайы белгілер арқылы насихаттау жүргізді. 40,60,80 ойлан,100, сені үйіңде отбасын күтеді деген жол белгілерін түсіндіріп, жаяу жүргіншілер жолағына «Абайла» жазуымен жол қауіпсіздікті түсіндірді. Бүгінгі таңда Алматы облысы жол, көлік апаты бойынша көш бастап тұр. Ал, мұндай шаралар алдағы уақытта жиі ұйымдастырылып қауіпсіздіктің алдын-алуға бағытталады. Жүргізушілердің жолда барынша сақ болуға, жол ережесін сақтауға, тəртіпке шақырады.