Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша жас отбасылар арасында «Мәңгілік ел- мәңгілік отбасы» байқауы өтті. 


Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта және белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы болып келеді. Отбасылық құндылықты сақтай отырып, ұрпақтар жалғасын тәрбиелеуде аталған шара өз септігін тигізері анық. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев – «Әрбір отбасының тарихы, бұл – Қазақстан тұрмысының үлкен энциклопедиясы», - деп атап өткендей, қазақ халқының бірлігі жарасқан мерейлі отбасыларының мәртебесін көтеріп, ұрпаққа тәрибе беріп, ел ынтымақтастығының дамуын көздеген шара жоғары деңгейде өтті. 


Шараға аудан, қалалардан жалпы 15-ке жуық 20-30 жас аралығындағы отбасылар қатысып, өзара бақ сынасты. Жас отбасылар «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер», «Таныстыру», «Өнерліге өріс кең» кезеңдері бойынша жарысқа түсті. Бір күнге созылған жарыс барысы спорттық, танымдық және мәдени бағдарламаларға толы болып, өте тартысты, қызықты өтті. Отағасы жағы мал сойып, ат ерттеп, қошқар көтеріп күш сынасса, жарлары қамыр жайып, бауырсақ илеп, ас әзірлеп үй шаруасына ептіліктерін көрсете білді. 


Жарыс қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Қаратал ауданының Какимовтар отбасы ие болды, І орынды Кербұлақ ауданынан келген Тұрысбековтар отбасы, ІІ орынды отбасы Жамбыл ауданынан келген Тәуірбековтер отбасы иленсе, ІІІ орынды Сарқан ауданы Маратовтар отбасы жеңіп алды. 
Жеңімпаздар жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.