«Ауыл жастары» атты бірінші спартакиада

Спорт- елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала – деп Елбасы айтып кеткендей Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 маусымында Жастар спорт сарайында «EXPO 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау мақсатында тұңғыш рет «Ауыл жастары» атты бірінші спартакиада өтті. Спорттық шараны Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облысының филиалының төрағасы Бахтияр Жақсикельдинов салтанатты түрде ашып, ауылдық округтен келген спортшыларға сәттілік тіледі. Жалпы спартакиадаға облысымыздан 9 аудан және 2 қала құрама командалары қатысты.


Спартакиаданың мақсаты – спорттық білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету, жастардың спортқа қызығушылығын ояту болып табылады. Спортшылар футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі секілді спорттың 4 түрінен сынға түсті. Жарыс барысында әр команда өз жылдамдықтарымен, ойынға деген белсенділіктерін асыра отырып көзге түсе білді. Жалпы футбол командасы 15, оның ішінен 404 такси командасы жеңімпаз атанды, 2-ші орынды Ішкі Істер Департаменті иеленді және 3-ші орынды Каратэ футбол командасы. Ұлдар арасында баскетбол ойынынан 9 команда қатысып 1- ші орынды Талдықорған қаласы, 2- ші орынды Ақсу ауданы алса 3- ші орынға Ескелді ауданы ие болды. Қыздар арасынан 9 команда қатысып 1-ші орынды алдықорған қаласы, 2- ші орын Ескелді ауданы, 3-ші Текелі қаласы. Волейбол ойынынан жалпы 6 команда қатысып жеңіске жеткен Кербұлақ ауданы, 2-ші орынға Қарабұлақ ауданы, 3-ші орын Ескелді. Әр ауданнан келген теннис ойынынан қыздар арасында Құдайбергенова Мадина Қарасай ауданы 1-ші орнды алды, Нұрлыбек Бағдагүл Көксу ауданы 2- ші орын, Сейткакова Айша Алакқл ауданы 3-ші орынға ие болды. Ұлдар арасынан 1-ші орынды Отарбаев Даурен Көксу ауданы, Абишов Жаннұр Талдықорған қаласы 2-ші орын, Бауыржан Қымбат 3-ші орынды алды. Жалпы командалық ойында Талдықорған қаласы 1- ші орын, 2-ші орынды Көксу ауданы, 3-ші орынды Ескелді ауданы. Болашақта спартакиада әді де жалғасын табады. Жоғарыда спорт түрлері ауыл жастарына үнемі айналысуына мүмкіндік беретін анайы лигалар құрамы жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.Спартакиада соңында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, жас спортшыларды бірінші «Ауыл жастар» атты спартакиадасымен құттықтап, жеңімпаз деп танылған қатысушыларға алғыс хат, мақтау қағаз және арнайы бағалы сыйлықтар табыстады.

«Туған жерге туыңды тік!» атты ауыл жастарының форумы.

«Туған жерге туыңды тік» жастар марафоны өтті 



Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетілген жобаларды іске асыру, Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуын атап өту мақсатында 2017 жылдың 17 мамыры күні «Туған жерге туыңды тік» жастар марафоны Талдықорған қаласынан бастау алды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан Еуразия чемпионы Бейбіт Назаровқа табысталды. 


Марафон аясында белгілі бір бағытта жетістіктерге жеткен, байқау жеңімпаздары, спортшылар, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастар Мемлекеттік Туды алып, Жетісу жерінің киелі мекендерін, көрікті жерлерін, барлығы – 25 000 шақырым жерді аралап өтеді. Шара барысы жайында бейнебаян түсіріледі. Мемлекеттік Ту марафон соңында 2017 жылдың 4 маусымы күні Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі А.Баталовқа табыс етіледі. Жастар акциясы барысында мемлекеттік рәміздердің, туған жердің құндылығын насихаттаумен қатар, Тәуелсіздік жылдарында өз ақылымен, еңбегімен, білімімен, дарынымен оза шапқан жастардың «100 жас есімі» анықталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша жас отбасылар арасында «Мәңгілік ел- мәңгілік отбасы» байқауы өтті. 

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, облыстық "ҚазАвтоЖол"  филиалының ұйытқы болуымен «Сені - үйіңде отбасын күтеді» атты республикалық акция өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов Талғар ауданы «Лесная сказка» туристік кешені аумағында облысымыздың, аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, жұмысшы жастар, «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Серпін-2050», «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушылары, «Көшбасшы» жастар сыйлығының иегерлері, «VIP» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары, жас ғалымдар, білім, денсаулық, мәдениет, спорт саласының өкілдері, жас депутаттар, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері, ауылшаруашылығы мамандары, көп балалы жас отбасылар, «Жас отау» байқауының жеңімпаздары, жас кәсіпкерлермен бейресми түрде жүздесті.