Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

мерекесіне орай өткізілетін Алматы облысы әкімінің

«Көшбасшы – 2019» облыстық жастар сыйлығының

ЕРЕЖЕСІ

 1. ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ АТАУЫ:

Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2019» жастар сыйлығы.

 2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

«Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жас Отан» жастар қанатының Алматы облыстық филиалы.

 3. ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ:

Конкурстық ұсынымдарды қабылдау 2019 жылғы 25 қаршаға дейін жүргізіледі.

Марапаттау рәсімінің мерзімі қосымша хабарланады.

 4. МАРАПАТТАУ РӘСІМІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ:

Талдықорған қаласы.

 5. ҚАТЫСУШЫЛАР:

Сыйлыққа үміткерлер ретінде Алматы облысының 14 пен 29 жас аралығындағы белсенді жастары қатыса алады. Номинация жеңімпазы атану үшін үміткерлер белгілі бір салада жетістіктерге жетуі қажет. Сонымен қатар, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастар өтінімдерін өткізулеріне болады. Сыйлыққа ұсынылу үшін үміткер белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз көшбасшы жас болуы керек.

  6. НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

  1. «Үздік жас мемлекеттік қызметші»

· Жас мөлшері 18 бен 29 жас аралығы;

· Мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

· Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

· Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктері және әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосқан;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 2. «Үздік жас әскери қызметкер»

· Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;

· Әскери бөлім қызметкерлері, жол полициясы қызметкерлері, төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар, полиция қызметкерлері;

· Әскери қызметте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

· Әскери қызметте басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

· Әскери жарғылар талаптарын және нұсқаулықтарды жоғары деңгейде білуі керек;

· Соңғы 3 жыл көлемінде ерлігі үшін алғыс, марапатының болуы қажет.

 3. «Үздік жас дәрігер»

· Жас мөлшері 18 бен 29 жас аралығы;

· Медицина саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

· Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

· Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 4. «Үздік жас ұстаз»

· Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

· Оқу орнында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

· Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

· Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

5. «Үздік жас ғалым»

· Жас мөлшері 18 бен 29 жас аралығы;

· Ғылым саласында дәлелденген ғылыми жұмыстары (патенті бар)

· Ғылыми дәрежесінің болуы;

· Республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жүйелі түрде жариялануы керек;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 6. «Үздік жас спортшы»

· Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

· Халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жүлделі орын иегері болуы шарт;

· Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 7. «Үздік жас журналист»

· Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

· Журналистика саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

· Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жүрген;

· Қазақстандық журналистиканың даму саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып жүрген;

· Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 8. «Үздік жас кәсіпкер»

· Жас мөлшері 18 бен 29 жас аралығы;

· Жеке кәсіпкерлікте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

· Шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік жаңашыл идея немесе үлес қосқан, Отандық тауардың сапасының артуы үшін инновациялар енгізіп жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 9. «Үздік жас батыр»

· Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

· Адам денсаулығын немесе өмірін сақтап қалу, апаттық жағдайларды алдын ала ескерту, қылмысты болдырмау жайында амал жасау сияқты және т.б. әлеуметтік-маңызды әрекет ету;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 10. «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы»

· Жас мөлшері 18 бен 29 жас аралығы;

· Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

· Үміткер ретінде механизатор, агроном, егінші, мал шаруашылығының (зоотехник, ветеринар, бақташы және т.б.) мамандары және т.б қатыса алады;

· Ауыл шаруашылығының гүлденуіне өзіндік үлес қосқан, жаңашылдық енгізген;

· Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

· Еркін түрде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 11. «Үздік жас отбасы»

· Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

· Ері мен әйелінің жас мөлшері 29 жасқа дейін;

· Толыққанды отбасы болуы;

· Еңбек, жұмысшы мамандықтары әулеттерінің өкілдері;

· Отбасында 4 немесе одан да көп баланың тәрбиеленуі;

· Отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан;

· Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 12. «Үздік жас өнерпаз»ері 14 пен 29 жас аралығы;

· Әнші, биші, күйші, театр және кино әртістері;

· Халықаралық, республикалық өнер байқауларының жүлделі орын иегері;

· Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 13. «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы»

· Жас мөлшері 16 мен 29 жас аралығындағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында сарбаз ретінде жұмыс өтілі бар;

· Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысуы; әртүрлі жастар топтары үшін оң әсер беретін әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруы және ендіруі;

· Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

· Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;

· Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 14. «Үздік студент»

· Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері;

· Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;

· Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

· Жастар ұйымдары мен қозғалыстарда жұмыс тәжірибесінің болуы;

· Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 15. «Үздік ерікті»

· Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

· Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;

· Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 16. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы»

· Жас мөлшері 14 пен 17 жас аралығы;

· Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;

· Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Оқуда озат, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері және спортта жақсы нәтиже көрсетіп жүрген;

· Елбасы, әкімшілік, мектеп немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 17. «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы»

· Жас мөлшері 18 бен 29 жас аралығы;

· Жастар саясаты саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

· Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

· Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 18. «Аудандық (қалалық) жастар ресурстық орталығының үздік маманы»

· Жас мөлшері 20 мен 29 жас аралығы;

· Жастар саясаты саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

· Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген

· Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

· Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 19. «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы»

· Жас мөлшері 18 бен 29 жас аралығы;

· Осы салада 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;

· Республикалық үкіметтік емес ұйымдардың базасында тіркелуі тиіс;

· Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген;

· Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

· Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

· Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 20. «Үздік жас әдебиетші»

· Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығындағы жастар;

· Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;

· Облыс, республика көлемінде әдеби жүлдегерлердің иегері болуы;

· Жарыққа шыққан кітабының болуы;

· Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 7. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ:

1 Үміткердің аты-жөні

2 Номинация

3 Туған күні, айы, жылы; Жеке куәлік номері

4 Жетістіктері (дипломдар, алғыс хаттар, марапаттаулар атаулары мен жылы көрсетілу керек)

 Өтінімге қосымша төмендегідей құжаттар ұсынылуы керек:

1. Жеке куәлік, алғыс хат, грамоталар көшірмелері;

2. Өмірбаян;

3. Номинацияға лайық екендігін растайтын ұсыныс хаттар;

4. 5 фотосурет: 1 жалғыз өзі түскен, 2 жұмыс барысында түскен сурет, 1 бос уақытта, 1 отбасында түскен сурет;

5. «Неге мен «Көшбасшы» жастар сыйлығына лайықтымын?!» тақырыбында эссе. 

8. Өтінімдерді қабылдау:

Өтінімдер мен керекті құжаттар 040000, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі, 47 (204, 207 кабинет) мекен-жайына жіберілуі тиіс. Байланыс телефондары: 8 /7282/ 40 10 39, 40 09 99.