Жаңалықтар

Алматы облысында жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту мақстаныда Алматы облысының «Жас еріктілер» слеті өткізілді.

Іс-шара қараша айының 7 күні Жастарға қызмет көрсету орталығында өткізілді. Слет барысында 215 ерікті қамтылып, 5 бағытта (Деңсаулықты сақтау мен алғашқы көмек көрсету, Start Up жобаларды жүзеге асыру, Жастар арасында көшбасшылық қасиеттерін арттыру, Жастарға психлогиялық қолдау көрсету, Еріктілік бағыттар мен жұмыстары) секциялық жұмыстар жүргізілді.

Слет аясында: «Ең үздік еріктілер тобы», «Үздік ерікті», «Еріктілердің үздік жобасы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, ақшалай сыйақымен марапатталады. 

Ең үздік еріктілер тобы - «Жан шуағы» тобы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласының еріктілері.

Үздік ерікті - Есенбеков Алмат Асхатұлы Алакөл ауданы, Үшарал қаласының еріктісі.

Еріктілердің үздік жобасы – «Жақсылықта жарысайық» жобасы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.