Жаңалықтар

  • Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жылдық қорытынды жиын өтті. Оған аудан, қала жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысты. 

  • Басқосу барысында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетұлы жыл бойы атқарған жұмыстарға баға беріп, жетістіктері жайлы сөз етті: «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республика бойынша «Үздік штаб» номинациясы біздің облысқа тиесілі болса, «Шапалақ» жайдарман командасы республикалық «Жастар кубогі» арнайы жобасына қатысып бас жүлдені иеленді. Өзге де жетістіктерді айтып, келер жылдың да табысты болуын тілге тиек етті.

  • Аудан, қала жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Сүндетпаев Данияр Манарбекұлының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған жұмыс тобының қорытындысы бойынша 2018 жылға ауылдық жерлердегі бос тұрған ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жастарға арналған мәдени және спорттық секциялар ашылатынын айтып, әрбір жетекшіге өз бақылауында ұстауын айтты.