Жаңалықтар

     Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Талдықорған қаласындағы  «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2017» жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталды.

   Бұндай мəртебелі атақ жыл бойы жастар саясатын белсенді түрде жүргізіп, белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нəтижелер көрсеткен « 14- 29 жас аралығындағы  облыс жастарына беріледі. Биыл жастардың арасында 17 номинация бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда,  «Үздік жас журналист» - «Жетісу» телеарнасының тележүргізушісі Хамитов Алмат (Талдықорған); «Үздік жас өнерпаз» - мәдениет үйінің директоры Дюсембеков Медет (Қапшағай); «Үздік жас кәсіпкер» - Құрманғалиев Мансұр (Талдықорған); «Үздік жас ауыл шаруашылығының маманы» «Мадияр» шаруа қожалығының жетекшісі Ауелбаев Мадияр (Талғар ауданы); «Үздік жас ғалым» - С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Тоқтаров Ермек;  «Үздік жас ұстаз»­ Үшарал қазақ гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарханов Ержан (Алакөл ауданы); «Жас батыр» - Д.Қонаев атындағы орта мектеп түлегі Жамоладдинов Темурбек (Еңбекшіқазақ ауданы) атанды.

     Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

 

     Шара соңы еліміздің жас эстрада жұлдыздарының орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.