Жаңалықтар

Талдықорғандағы ­«Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы ә­кімінің «Көшбасшы – 201­7­» жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталды­.­

Бұндай мəртебелі атақ жыл бойы жастар саясатын белсенді түрде жүргізіп, белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі                                    боларлық нəтижелер көрсеткен 29 жасқа дейінгі облыс жастарына беріледі.­ 

Биыл жастардың арасында 17 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Атап айтқанда,  «Үздік жас журналист» - «Жетісу» телеарнасының тележүргізушісі Хамитов Алмат (Талдықорған);

«Үздік жас өнерпаз» - мәдениет үйінің директоры Дюсе­мбеков Медет (Қапшағай);

«Үздік жас кәсіпке­р» - Құрманға­лиев Мансұр (Талдықорған);

«Үздік жас ауыл шаруашылы­ғының маманы» - «Мадияр» ш­аруа қожалығының жетекшісі Ауелбаев Мади­яр (Талғар ауданы);

«Үздік жас ғалым» - С.Демирель атындағы униве­рситеттің аға оқытушысы Тоқтаров Ермек; 

«Үздік жас ұстаз» - ­Үшарал қазақ гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі оры­нбасары Омарханов Ержан (Алакөл ауданы);

«Жас батыр» - Д.Қонаев атындағы ор­та мектеп түлегі Жамоладдинов Темурбек (Еңбекшіқазақ ауданы) атанды. ­

 Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Шара соңы еліміздің жас эстрада жұлдыздарының орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.