Жаңалықтар

Жас өнерпаздарға қолдау көрсету, жастардың театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Т-ИМПРОВИЗ» жастар арасында көңілді тапқырлар сайысы өтті.


Ойынға қаламыздың танымал жайдарманшыларынын ішінен іріктеліп 5 үздік жайдарман ойыншылары қатысты. Олар «ЖТФ» жайдарман тобының ойыншысы Қасқырбаев Диас, «Креатив» командасының ойыншысы Болатбеков Айдар, «Брэнд» командасының ойыншысы Абылайханов Жанат, «Креатив» ойыншысы Самидолданов Руслан және «Брэнд» командасының ойыншысы Қойшыбаев Нұркен. Әдеттегі жайдарман ойындары сияқты емес, жайдарманды басқа қырынан көрсете білді.

Дайын сценарий емес, ойдан табан асты сахынада тұрып әзіл шығарып бақтарын сынады. Өткізілген шараға облысымыздың, қаламыздың белсенді жастары, қаламыздың колледж және жоғарғы оқу орындарының жайдарманшылары қатысты. Олар жастар, қала, мектеп, Отан туралы әр түрлі тақырыптағы көріністер көрсетті, қоғамда болып жатқан актуалды тақырыптарды әзіл арқылы халыққа жеткізді. 


Ойынға төрешілік еткен әділ қазылар алқасы мына құрамда болды, «Өңірлік комуникациялар бөлімінің бөлім басшысы Толымбекұлы Ерасыл, ардагер жайдарманшы Майнгенов Азамат, «Асар» жайдарман тобының капитаны Курпатаев Бахтияр. Ойын нәтижесі бойыншысы III – орынды Самидолданов Руслан, II – орынды Қойшыбаев Нұркен, ал I – орынды Болатбеков Айдар иеленді.