Жаңалықтар

 Жастар арасында «TK STREET DANCE BATTLE» атты заманауи би байқауы өз мәресіне жетті.

Финалға 8 команда жолдама алған болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды «HARMONY CREW» командасы жеңіп алды, ІІ орынды «Impulce» командасы иеленіп ІІІ орынды «HEART BEAT» командасы алды. Жалпы үздік деп танылған командалар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.