Жаңалықтар

Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратында Саят Медеуовтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы жандарға арналған қайырымдылық концерті өтті. 


Бұл концертке арнайы әлеуметік жағдайы төмен отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, қарттар үйінің қарияларын, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерін шақырған еді. Саят Медеуовтың бұл қадамына қала жұртшылығы дән риза. 


Расыменде қайырымдылық жасау тек қаржымен шектелмейді. Әрбір азамат өзінің мүмкіндігінше барын пайдаланып осындай жандарға қол ұшын берсе нұр үстіне нұр болар еді. Ал келген жастар бүгінгі ұйымдастырылған кештен жақсы әсер аламыз деген үмітте.