Жаңалықтар

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастар арасында «Алтын шар» тақырыбында бильярдтан жарыс өтт.
Жарыстың мақсаты- жастар арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, жат мінез, құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын алу. Бұл сайысқа дивиант, маргинал мен колледж студенттері қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Олардың ішінен өзінің ептілігімен қарсыластарынан алға шыққан Мақсат Аманбаев жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Сұлтанбибарыс Серікұлы жақсы техника көрсеткені үшін 2-ші орынға ие болса, Рустам Мұхамеджановқа 3-ші орын бұйырды.