Жаңалықтар

 “Kz Star” жобасы аясында Қарасай ауданының маслихат депутаты, қазақ эстрадасының әншісі Саят Медеуовтің студенттермен кездесуі өтті.

Халық қалауысы Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратын аралап, орталық жұмысымен танысты. Кездесу барысында Саят Кабылұлы жастармен мәдени, қоғамдық, әлеуметтік салада атқаралып жатқан істер жайлы сөз қозғап, қазіргі таңда жастардың саясатта алар орны зор екендігін атап өтті және Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, тарихи ескерткіштерге, туған тілге, сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық салт-дәстүрге құрмет көрсетуге шақырды. Белсенді жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптар алып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімен бірге атақты әндерін айтып, рухани азық алып қайтты. Сонымен қатар С.Медеуов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесін қорғаушы «Асар» ҮЕҰ- на барып, ұжымның тыныс-тіршілігімен көріп, ұйымның бастамаларын қолдайтындығын және жақын арада мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында қайырымдылық концертін өткізетіндігін айтып кетті. 


«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының төрағасы- Жаксикельдинов Бахтияр Уалиханұлы.