Жаңалықтар

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жылдық қорытынды жиын өтті

Жиын барысында Алматы облысы жастар саясатының жылдық қорытынды конференциясы болып «Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жүзеге асырылуы туралы» облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Сондай-ақ «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XII еңбек маусымының облыстық жабылу салтанаты мен аудан, қалалық үздік мамандарды марапаттау салтанаты болды.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабының Алматы облыстық филиалы, жастар қоғамдық ұйымдарының жетекшілері қатысты.