Жаңалықтар

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ғасыр дерті» атты акция өтті.

Шараның мақсаты Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу, Елбасының жолдауы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру, аталған бағыт бойынша қызметкерлерді қосып шараларды бастау.
Акция барысында «Талдықорған қаласы СПИД ауруының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» маманы Азанбаева Алия Аділханқызы ауруға байланысты емдеу шаралары, СПИД-ті алдын алуға кеңестерін беріп, СПИД алдын алу туралы насихат бейнебаяндар көрсетілді. Сондай-ақ «Алматы облысы бойынша СПИД ауруының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» дәрігер маманы Уранкаева Гаухария Қызырхановна, қалалық емхананың эпидемилогі Смайлова Айгул Мұсағұлқызы, салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Тусупова Ғалиябану Қарабасқызы, қалалық емхананың психологы Дауылбаева Дана Асқарбекқызы қатысты. Тақырыпқа байланысты плакаттар байқауы өтіп, үздік жұмыстар бағаланып сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.