Жаңалықтар

І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында облыстық қорытынды жастар форумы өтті.

Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуын атап өту, жастарды патриоттық, отаншылдық рухта тәрбиелеу, елін жерін құрметтеуге дағдыландыру, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының Алматы облысында жүзеге асырылуын үйлестіру мақсатында өткізілді. Форумға жоғары және арнаулы оқу орындарының білімгерлері және белсенді жастар қатысты. LED экраннан көрермендерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай жастар саясатының ұйымдастыруымен өткізілген шаралардың жиынтығы бойынша түсірілген бейнероликтер көрсетіліп, «Хан Тенгри» тобының орындауында «Қазақстан-Талдықорған» әні шырқалды. Салтанатты ашылу рәсімінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев барлық жастарды бүгінгі атаулы мерекемен құттықтап, ортаға әр түрлі сала қызметкерлерін яғни, тәуелсіздіктің құрдастарын шақырып, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Келесі кезекте облыстық ардагерлер ұйымының мүшесі, қалалық «Нұр Отан» партиясының бюро мүшесі Иманқалин Қалибек атамыз барлық қатысушыларды құттықтай отырып, жатсраға ақ батасын берді. Сондай-ақ Тәуелсіздік құрдасы, «Жетісу» телеарнасының журналисті Алмат Хамитов және белсенді жас Дамир Дигай сөз кезегін алып, жастарға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Келесі кезекте облысымыздың өркендеуіне үлес қосып жүрген 60 белсенді жасы Астана қаласында өткізілетін «Республикалық жастар форумына» қатысады.