Жаңалықтар

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, ардагерлерімізге құрмет көрсету, көмектесу, жастармен кездестіріп, сұхбат алу, жастарға патриоттық тәрбие беру, ардагерлерімізді әрқашанда ардақтау мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Ардагерлерді ардақтайык!» атты акция барысында «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, Алматы облысының «Тимуровцы» еріктілер тобы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Иманқалин Қалибек, Масько Александр Ивановичке және Жолбаев Болған Қазтайұлына «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, «Тимуровцы» еріктілер тобымен шағын сыйлықтарды тарту етті. Еріктілер ардагерлермен әңгімелесіп, қал жағдайын сұрап, көңілдерін аулады. Ардагерлер сол кездегі сан қилы өмір жолдарымен бөлісті. Жастарға риза болған Жолбаев Болған атамыз өзінің ізгі тілектерін білдіріп«Сағыныш» атты кітапты сыйға тартса, Масько Александр Иванович газет бетіндегі шығармасымен бірге Бауыржан Момышұлымен кездескен кездегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Жаңбырмен жер көгереді, батаменен ел көгереді дегендей жас еріктілер «Тимуровцы» тобы ардагерлеріміздің баталарын алып қайтты.