Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мейрімділік пен достық асыл қасиет» атты балаларға арналған мультфильм көрсету кеші өтті

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы Жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, қоғамға, өмірге деген жақсы көзқарастарын қалыптастыру, тәрбиелік мәні зор мультфильмдер топтамасын көрсету. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай «Жастарға қызмет көрсету орталығында» «Мейрімділік пен достық - асыл қасиет» атты "Айналайын" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мультфильм көрсету кеші өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдердің бос уақыттарын тиимді пайдалану, өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыру, тәрбиелік мәні зор мультфильмдер топтамасын көрсету. Мультфильм көргеннен кейін орталық психологы А.Садуова балалармен әр түрлі тренинг ойындар жүргізіп, артынша дартс ойыны бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Кешті балалар өте жақсы көніл-күймен тәмамдап, жақсы әсер алып кайтты