Жаңалықтар

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың белсенді азаматтық көзқарастарын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, зияткерлік білім мүмкіншіліктерін ортаға салу, мәдени қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, облыс көлемінде жастардың саяси белсенділіктерін арттыру, жастардың қоғамдағы орындарын айқындау және экстремизм мен терроризмге жол бермеу мақсатында жастар арасында «brain - ring» зияткерлік ойыны өтті.

Жарыстың 1-ші кезеңі командалық ойын, ал 2-ші кезеңі капитандар сайысы болды. Ойын басында жүргізуші бүгінгі жарыстың ережелерімен және әділқазы алқа мүшелерімен таныстырып, әр топқа қайсарлық пен сәттілік тіледі. Шара барысында командаларға әр түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылып, ойын тартысты да, әрі қызықты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша «Академики» командасы жүлделі І орынды иеленді, ал ІІ орынды «Фемида» командасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.