Жаңалықтар

Кездесуді Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және басқарманың жанынан құрылған «Жетісу еріктілері», облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараға облысымыздың құрметті азаматтары, Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларынан келген 20 жас, көпбалалы отбасылар қатысып, 4 баланың тұсауы кесілді.

Мерекелік шара басталмас бұрын көпбалалы отбасылар арнайы көлікпен қаланың көрікті жерлерін аралады. Бұл  ізгілік - шалғайдағы балалардың арманына қанат қақтырып, көңіл көкжиегін нұрландырды. Сондай-ақ, балалардың әр қайсысына ойыншықтар сыйға тартылып, аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

Кездесуге Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфтиі -  Серікбай қажы Ораз арнайы келді.

Жиын барысында меценаттардың, «Жетісу шапағаты» қайырымдылық қорының, жас кәсіпкерлердің,   «Жетісу еріктілерінің»,жүрегі мейірімге толы ел ағаларының қолдауымен Ақсу ауданының тұрғындары - Б. Саудабеков пен М. Бабаеваға (6 балалы отбасы), Талдықорған қаласының тұрғыны -  М. Мукашеваға (жалғыз басты ана) жаңа үйдің кілті табысталды.

Іс-шара соңында көпбалалы отбасылар алғыс хатпен марапатталды.