Жаңалықтар

Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен облыстық полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студентік жасақтарының слеті өтті.

Бұл жоба білім және тәрбие беру бағытында мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен серіктестікті дамыту, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға тарта отырып, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында құрылды.

Шараға Алматы  облысының  жоғары және техникалық, кәсіптік білім беру оқу мекемелерінің білімгерлері қатысты.

Алматы облысының полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағының «Үздік жасағы» номинация бойынша Талдықорған Политехникалық колледжінің жасағы марапатталды. «Үздік жасақшысы» номинация бойынша Қырықбай Аблай Абайұлы марапатталды.   «Үздік командирі» номинациясы бойынша Талғатұлы Ғани  марапатталды. Үздіктер арнайы сертификаттармен, төсбелгілермен және ақшалай сыйақымен марапатталды.