Жаңалықтар

Салтанатты шарада «Жалын» студенттік жасақтарының мүшелеріне куәліктер табысталды.

Жоба аясында облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен 300 студент полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға көмектесетін болады.

Жобаның басты мақсаты - жастар арасындағы құқықбұзышылықтың, ішімдікке, темекіге, есірткіге тәуелділіктің алдын алу.

Алматы облысы әкімнің орынбасары Ақын Әбдуәлиев жасақ мүшелеріне куәлік тапсыру барысында студенттердің маңызды жұмыс атқаратындығын атап өтіп, жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындауға шақырды