Жаңалықтар

Талдықорған қаласында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында «Алматы облысының жастары арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен нығайту» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – жастарға отбасы құрудың маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ажырасудың алдын алу. 

Семинарға қалалық, аудандық АХАТ мекемесінің қызметкерлері, психолог мамандар және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Семинарда жобаны жүзеге асыру мақсатында сараптау, үйлестіру жұмыстары, атқарылатын жұмыстың барысы талқыланды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жұмысты жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтып, қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Жалпы, жобаның аясында әр аудан мен қалада жас отбасыларды қолдау клубтары жұмыс істейтін болады.