Жаңалықтар

Фестивальді КТА ойындарының негізін қалаушы КВН ойыншысы, әзіл саласының майталманы Тұрсынбек Қабатов жүргізді.

Қалалық  «Жастар» саябағында өткен, «Жастар саясаты жөніндегі мәселелер басқармасының» тапсырмасымен ұйымдастырылған «Жайдарлы Жетісу» КТА фестиваліне 5 мыңға жуық көрермен жиналды. Іс-шара алдында отандық эстрада жұлдызы  Олжас Абайдың (Оchoou) өнерін тамашалады.

Алматы облысының әкімінің кубогіне қатысу үшін Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Алматы қалаларының командалары келді. Қазылар алқасының ортақ шешімімен фестивальдің жеңімпазы болып Жамбыл облысының «Шу-Чу» командасы атанды. Екінші орынға Қызылорда облысының «Қармақшы» командасы, үшінші орынға Талдықорған құрамасы ие болды. Фестивальдің жүлдегерлері мен қатысушылары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.