Жаңалықтар

2019 жылы Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен мемлекеттік

бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында, жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың қамтылуымен облыстың аудан, қала деңгейінде барлығы 43 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Ұсынылған бос жұмыс орындар саны - 4615. Әдетте, өзінің кәсібін, мамандығын жақсы меңгерген, кеудесінде саңылауы, бойында буырқанған күші бар азаматқа жұмыс әрқашан да табылады. Жәрмеңке нәтижесінде 1197 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 505 азамат жұмысқа орналасты.