Жаңалықтар

Алматы облысы жастар ресурстық орталығы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Ақынның қаламы- адалдық алаңы» атты ақындар мүшәйрасы өтті. Байқауға қаламыздың техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерінен 16 ақын қатысты. Байқау басталысымен ақындарға сәттілік тілеп Өмірбай Асхаттың орындауында «Қазағым» әні орындалды. Әуезді әннен кейін қатысушылар өз реттіліктерімен сахна төріне шығып, төл туындыларын, өлеңдерін қазылар алқасымен көрерменге арнап оқыды. Ақындардың өлеңідері аяқталғаннан кейін әділқазылар ақындардың кемшіліктерімен артықшылықтарын айтып, келесідегі байқауларына  сәттілік тілеп марапаттауды бастады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі  III  орынды Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің студенті Скакова Айсұлу жеңіп алды. II орынды «Білім» гуманитарлы- техникалық колледжінің білімгері Бейсенбай Гүлдана иеленді. 16 жас ақынның ішінен үздік болып, суырылып шыққан «Авитценна» медициналық колледжінің білімгері Жеңісханұлы Серікбол жүлделі I орынды жеңіп алды.   Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды. Байқау жас ақындармен, қазылармен естелік суретке түсумен аяқталды.