Жаңалықтар

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы жанынан өңірімізде алғашқы рет «Жетісу адалдық алаңының жастары» жобалық кеңсесі өз жұмысын бастады.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған кеңсе Алматы облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту және мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу бойынша талдау жүргізу, жастар саясаты бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына атсалысу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізетін болады.