Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің "Көшбасшы - 2019" жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Өңірдің ең белсенді жастары марапатталған салтанатты кеш Талдықорған қаласы, «Koktem GRAND» кешенінде өтті.

1. «Үздік жас мемлекеттік қызметші» - Чепель Владимир Сергеевич (Ақсу ауданы);

2. «Үздік жас спортшы» - Акбаева Баян Мұсағалиқызы (Талдықорған қаласы);

3. «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы - Қалибек Әсем Абайқызы (Талдықорған қаласы);

4. «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» - Ілебаев Айбек Қасымханұлы (Еңбекшіқазақ ауданы);

5. «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» - Бекмырза Ержан Ердосұлы (Панфилов ауданы);

6. «Үздік студент» - Есімжанқызы Еркежан (Талдықорған қаласы);

7. «Үздік жас әскери - қызметкер» - Әлібаев Бауыржан (Алакөл ауданы);

8. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы - Тохтажынов Ерсұлтан Ержанұлы (Талдықорған қаласы);

9. «Үздік жас ғалым» - Қалдарбекұлы Өмірұзақ (Талдықорған қаласы);

10. «Үздік жас отбасы» - Абишовтар отбасы (Кеген ауданы);

11. «Үздік жас кәсіпкер» - Есеншораева Әдемі Ұланқызы (Балқаш ауданы);

12. «Үздік жас батыр» - Рыйзабеков Алмас Ермекұлы (Ескелді ауданы);

13. «Үздік жас әдебиетші» - Мұхтар Күмісбек (Балқаш ауданы);

14. «Үздік жас ерікті» - Дакубаева Жазель Серікқызы (Талдықорған қаласы);

15. «Үздік жас өнерпаз» - Мадиев Асхат Талғатұлы (Сарқан ауданы);

16. «Үздік жас дәрігер» - Нурмадиев Дархан Серикжанович (Ескелді ауданы);

17. «Үздік жас ұстаз» - Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы (Талдықорған қаласы);

18. «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы - Тұрғанбаева Зере Айбынқызы (Талдықорған қаласы);

19. Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы - Бақыткелдіұлы Бақтияр (Кеген ауданы);

20. «Үздік жас журналист» - Әнербай Мәулен Даниярұлы (Қапшағай қаласы).