Жаңалықтар

Салтанатты шарада «Жалын» студенттік жасақтарының мүшелеріне куәліктер табысталды.

 

 

           7 қыркүйек күні Көксу ауданында дәстүрлі облыстық жас отбасылар байқауы өтті. Байқауға жас отбасылар кішентай бүлдіршіндерімен қатысты.

 

2013 жылдан бастап, қыркүйек айының екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күнін атап өтеді. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мереке қарсаңында жыл сайынғы "Мәңгілік ел - мәңгілік отбасы" атты жас отбасылар байқауын өткізді. Оған облыс аудандары мен қалаларынан 13 отбасы қатысты.

 

           Шараның мақсаты - жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасыларды жан-жақты насихаттай отырып, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру.

 

            Іс-шарада жас отбасыларды Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ерлан Жакупов құттықтады: "Отбасылық құндылықтарды насихаттау біздің жұмысымыздың бас мақсаты болып табылады. Биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында біз әрбір қалалық және аудандық АХАЖ-да отбасылық психологтың кабинетін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобаның мақсаты жастарды отбасы мен отбасылық өмірге алдын ала дайындау болып табылады. Жас отбасылар байқауы дәстүрге айналды.  Менің ойымша, бұл форматтағы іс–шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға көмектеседі", - деді  өз сөзінде.

 

            Әр отбасы 3 адамнан  бір топ ұсынды. Жас жұптар күрделі байқауларда жарысты. Егер келіндер өз өнерлерін ошақтың жанында және тағамдарды дайындағанда көрсетсе, ерлер ет өңдеу шеберлігінен сайысып, желкесіне қойды асып, отырып жарысты. Спорттық және шығармашылық конкурстарға бүкіл отбасы қатысты.

 

             Іс-шара соңында бірде-бір отбасы назардан тыс қалған жоқ. Әділқазы алқасы шешімі бойынша бас жүлдені Талдықорған қаласынан Есенбаевтар отбасы ұтып алды. Бірінші  орынды Кербұлақ ауданы иеленсе, екінші орын Райымбек ауданы алып, үшінші орынға Ескелді ауданынаң жас отбасы қол жеткізді.Қалған қатысушылар бағалы сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.

 

1.      Конкурстың мақсаты:

 

 

Облысымыздың барлық аудан, қалаларында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жас еріктілер қозғалысын, жастар арасында жайдарман ойынын, дебат қозғалысын дамыту мақсатында оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.

 

Семинар-тренингте жастарды азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын насихаттау,  бос уақытты ұйымдастыру мен ауыл жастарының шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету, дебат, еріктілер қозғалысын жандандырып, жайдарман ойынын дамыту мақсаты қойылды.

 

Оқыту семинарларын сәйкесінше құзыреті бар жаттықтырушылар жүргізуде. Шара аясында қатысушыларға жастар қозғалыстарының маңызды аспектілері түсіндірілуде.

 

 Жастарға семинар өткізетін спикерлер - Алматы облысы пікір-сайыс қауымдастығының төрағасы Ержан Даулетбаев, Алматы облысы жастар ресуртсық орталығының маманы Орынбасар Серікбай және  ұлттық еріктілер желісінің спикері Аққожа Дастан.

 

Талдықорған қаласында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында «Алматы облысының жастары арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен нығайту» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – жастарға отбасы құрудың маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ажырасудың алдын алу. 

Семинарға қалалық, аудандық АХАТ мекемесінің қызметкерлері, психолог мамандар және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Семинарда жобаны жүзеге асыру мақсатында сараптау, үйлестіру жұмыстары, атқарылатын жұмыстың барысы талқыланды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жұмысты жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтып, қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Жалпы, жобаның аясында әр аудан мен қалада жас отбасыларды қолдау клубтары жұмыс істейтін болады.

 

Жастарға қызмет көрсету орталығында «Dos.kz» әлеуметтік-волонтерлік орталығының қоғамдық бірлестігі, Қазақстан ұлттық еріктілер желісі серіктестігі, дін істері жөніндегі комитеті және азаматтық қоғамының үйымдастыруымен «Алматы облысында еріктілер қызметін ұйымдастыру негіздері» атты семинар өтті.

Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер үшін оқыту семинарларын өткізу арқылы Қазақстандағы еріктілер қызметін  дамыту.

 

Семинарға Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының және аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

 

Атап өтсек, биылғы жылы Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен «Алматы облысындағы жастардың еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бекітілді.

 

Мемлекет басшысы  Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауын жариялады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған жолдауды «Алматы облысы жастарға қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері мұқият тыңдап, жолдауға қолдау білдірді.

Сарыөзек горнизонында екі күн аралығында 15 топ бақ сынады. Облыстың әр өңірінен келген 80 жасөспірім әскери шеберлікке бейімделді.  Бұл іс-шара жас азаматтардың арасында  әскери- патриоттық тәрбиені жақсарту мақсатында өтеді.

Қатысушылар әскери  спорт түрлерінен  өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар мен төрешілердің айтуы бойынша биылғы командалардың дайындығы жоғары деңгейде.

Ойындар қорытындысы бойынша үшінші орынға Көксу ауданы табан тіресе, ал екінші орын Кербұлақ құрамасына бұйырды. Жүлделі бірінші орынды Еңбекшіқазақ ауданы иеленді.

«Біз осы сынақ алаңына арнайы  дайындықпен келдік.Команданың  қайсар рухы бізге алға басуға көмектесті. Бірінші орынға ие болу, өңіріміздің атың шығару бізге  үлкен мақтаныш. Аз уақытта басқа ауданның балаларымен танысып, дос таптық», - деп Еңбекшіқазақ командасының топ мүшесі, команда капитаны Еламан Маратұлы әсерімен бөлісті.

Айта кетсек, «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық жастар ойыны  2013 жылдан бері  жыл сайын өткізілуде. 

 

 

Фестивальді КТА ойындарының негізін қалаушы КВН ойыншысы, әзіл саласының майталманы Тұрсынбек Қабатов жүргізді.

Қалалық  «Жастар» саябағында өткен, «Жастар саясаты жөніндегі мәселелер басқармасының» тапсырмасымен ұйымдастырылған «Жайдарлы Жетісу» КТА фестиваліне 5 мыңға жуық көрермен жиналды. Іс-шара алдында отандық эстрада жұлдызы  Олжас Абайдың (Оchoou) өнерін тамашалады.

Алматы облысының әкімінің кубогіне қатысу үшін Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Алматы қалаларының командалары келді. Қазылар алқасының ортақ шешімімен фестивальдің жеңімпазы болып Жамбыл облысының «Шу-Чу» командасы атанды. Екінші орынға Қызылорда облысының «Қармақшы» командасы, үшінші орынға Талдықорған құрамасы ие болды. Фестивальдің жүлдегерлері мен қатысушылары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Талдықорған қаласына жұмыс сапары аясында Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы жастарға қызмет көрсету орталығына келді.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ерлан Жакупов өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысын баяндады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы электронды үкіметтің «Egov.kz» порталымен жұмыс істеуді үйренуші жастар тобымен сұхбаттасты.

Сондай-ақ Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Амандық Баталов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланған «Жастар жолы» пікірталас клубының отырысына қатысты.