Алматы облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 432 483 адамды құрайды, оның ішінде –99 538-і қалалық жерлерде, 332 945-і  ауылда тұрады.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаюда. Мысалы, жергілікті бюджеттен 2013 жылы – 209,3 млн. теңге,  2014 жылы – 313,6 млн. теңге, 2015 жылы- 462,5 млн. теңге, 2016 жылы – 435,2 млн.теңге, 2017 жылы – 542,1 млн.теңге.

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1- облыстық және аудан, қала деңгейінде 19 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Штат саны 110 адамды құрайды.

 Облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 нұсқаушылар бірлігі бөлінді. Бүгінгі күні әрбір округте 1 нұсқаушыдан өз жұмыстарын атқаруда.

2016 жылғы 5 шілдеде Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты ашылды. Қазіргі таңда күнделікті орталыққа шамамен 230-250 жас келеді.

Олар негізінен, жастарға қызмет көрсету бөліміне кеңес алу үшін күніне 7-8 адам, коворкингке-45-50, интернет-кітапханаға – 50-60 (түнгі 23.00-ге дейін), фото және дыбыс жазу, бейнеролик түсіру студиясына – 15-20, аула клубтарына – 50-60, көп функционалды залға – 20-30, анти-кафеге – 10-15 жас өз уақыттарын тиімді өткізеді.

Жалпы жыл басынан бері «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 315 адам, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 85 адам, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша 70 адам, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында 78 адам және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 113 адам, «Кәсіптік және техникалық білім беру» - 24 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық кеңес алғандар - 98.